ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Жапониялықтар 11 минут бойы айналып тұратын спиннер ойлап тапты

Жапониялықтар 11 минут бойы айналып тұратын спиннер ойлап тапты

  Жапонияда 11 минут бойы айналып тұратын спиннер ойлап тапты, - деп хабарлайды Life.ru Yahoo News басылымына сілтеме жасап.

  Жаңа туындыны Жапонияның NSK компаниясы шығарды, олар негізі мойынтірек (подшипник) өндірісімен айналысады. Компания президенті Тоскикадзу Исидің айтуынша, жаңа спиннердің құпиясы оның дизайнында екен. Спиннердің ең максималды айналуы 13 минут 35 секундқа жеткен.  Жаңа ойыншықтың ауыр қола рамасы және жеңіл алюминнен жасалған шариктектес заттар орнатылған.  Алайда бұл ойыншықты алмастан бұрын бағасына қараған жөн, себебі оның құны - 157 доллар. 

Пікір: 0
Пікір қосу