ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Дұрыс саудаласа білу үшін...

Дұрыс саудаласа білу үшін...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дұрыс саудаласа білу ақшаңызды үнемдеуде көмектесері сөзсіз. Сондықтан, мүмкіндік болып жатса саудаласқаныңыз өзіңіге де, қалтаңызға да тиімді.  Ол үшін мына қағидаларды жадыңызда сақтаңыз.

1. Саудаласуға бола ма, соны алдын ала біліп алыңыз. Саудамен айналысатын кейбір елдердің өзінде саудаласа беруге болмайды. Яғни, бағаны сәл түсіруге болатындығынан сатушының өзі хабар беруі керек. Егер сатушы бұл әңгімені қозғамаса, өзіңіз «Менің іздеп жүрген затым еді, бірақ, қымбат екен»,– десеңіз саудаласатыны туралы сөз қозғары анық.  

2. Қолыңызда бар қаржының мөлшерін анықтаңыз. Көзіңіз түскен затқа қаншалықты шығындалуға дайын екеніңізді алдын ала шешіп алыңыз. Бұл сізді сатушының құрығына түспей, мөлшерден тыс ақша жұмсамауыңызға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, саудаласу барысында ең аз мөлшерден бастаңыз. Сол арқылы өзіңіз шектеу қойған мөлшерге жеткенше көтеріп отырыңыз.  

3. Сатушыдан тауарды қаншаға сатуға дайын екенін сұраңыз. Егер сатып алған тауарыңыз онсызда жеңілдікпен сатылып тұрса, саудаласқаныңыз орынсыз болары хақ. Сондықтан, алдымен сатушыға сұрақтар қойып, керек затыңыздың құнын біліп алыңыз. Бұл сіз қаншалықты арзан баға қоя алатыныңыздан хабар береді.

4. Сатушыға деген құрметіңізді көрсетіңіз Саудаласпас бұрын сатушымен жақсы қарым-қатынас орнатып алыңыз. Тауарлар туралы қызығушылықпен сұраңыз. Олардың қайда өндірілетінін біліңіз. Егер оның көңілін таба білсеңіз өзіңіз ойлаған бағаға тауарды алатыныңыз сөзсіз. 

Дереккөз: https://massaget.kz

Пікір: 0
Пікір қосу