ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » “Оңай” арқылы зообақ пен дельфинарийге кіруге болады

“Оңай” арқылы зообақ пен дельфинарийге кіруге болады

"Оңай" картасы арқылы тек жолақы төлеп қана қоймай, "Медеу" мұз айдынына, "НЕМО" дельфинарийіне, сондай-ақ Алматы зообағына кіруге болады. Дереккөз: Inform.kz

Жақында Алматы зообағы мен «Оңай» электрондық жүйесі бірікті. Енді келушілер зообаққа кіру ақысын «Оңай» арқылы төлеп кіре алады.

«Біздің саябақтың төлем жүйесі «Оңай» жүйесімен бірікті. Енді «Оңайы» барларға билет сатып алу міндетті емес. «Оңайы» барлар енді артық ақша алып жүрмей «Медеу» сырғанағына, Алматы зообағына кіре алады. Жаңа терминалдар нысанға кіреберісте 8 тамыздан бастап іске қосылды», – деді Алматы зообағы директорының орынбасары Дана Егеубаева.

Алайда, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар «Оңай» картасы арқылы төлем жасамайтын болады. Өйткені онда жеңілдік қарастырылмаған.

«Жасы үлкен кісілер мен мүгедектер касса арқылы тегін өтетін болады»,- деді ол.

Осыған дейін «Оңай Pay» ЖШС өкілдері  аталған жүйені қалада таратуға ниетті екендігін бұрын айтқан болатын.

Бүгінде «Оңай» картасы арқылы тек қана қоғамдық көлікте ғана жүріп қоймай,«Медеу» мұз айдынына, «НЕМО» дельфинарийіне кіруге болады.

Пікір: 0
Пікір қосу