ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Алматылық полицейлер "Медеуде" жол апатына ұшырады

Алматылық полицейлер "Медеуде" жол апатына ұшырады

  Патрульдік көлік "Медеуге" барар жолда жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты аспалы жолдың маңында болған. 

"Алматы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының жол-патрульдік полициясының мамандандырылған батальонының экипажы Горная көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, көлікте күтпеген техникалық ақау пайда болған. Басқа көлктерге соқтығыспауы үшін, жүргізуші солға бұрып жіберіп, бетондалған қоршауға соғысқан", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.  Полицияның мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ

Пікір: 0
Пікір қосу