ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » «Бізге бәрібір». Үкімет зейнетақы жинағын ерікті және міндетті деп бөліп жатыр

«Бізге бәрібір». Үкімет зейнетақы жинағын ерікті және міндетті деп бөліп жатыр

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты болған соңғы корупциялық оқиғалар белгілі бір деңгейде елдің көңіліне күмән ұялатты. Жалпы, бұл жүйе тиімділігін 20 жыл ішінде көрсете алды ма? Даулы оқиғалардан соң не болмақ?

 

Бұл сауалдарға Курсив басылымы жауап іздеп көрді. Басылым жинақтаушы зейнетақы жүйесі елімізде 20 жыл бойына жұмыс істеп жатса да әлі күнге қазақстандықтар оның жемісін көрмегеніне, тіпті бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін білмейтініне баса назар аудартады.Зейнетақы жүйесін жаңаламаса болмайды екенБЖЗҚ Стратегиялық сараптама және даму басқармасының бастығы Кәмила Фазылова жас азаматтың зейнетақы ақшасын жинауына шамамен 40 жыл кететінін айтты. Оның айтуынша,40 жыл жинаған жинақ бір қазақстандықтың 10-15 жыл бойына еш қамсыз өмір сүруіне жеткілікті көрінеді.

Дегенмен статистикаға сүйенсек, қазір Қазақстанда бір зейнеткерге екі жұмысшы келеді. Бірақ алдағы уақытта жағдай өзгеріп, қарт адамдар қатары көбею қаупі бар. Сондықтан қарттардың қамсыз өмірін қамтамасыз ететін жастар азайып кетсе, бұл жүйенің күл-талқаны шықпақ.Сондықтан Қазақстан қазір көпдеңгейлі зейнетақы жүйесін енгізуді қарастырып жатыр.

Мұндайда жұмыс беруші де, жұмыс істеуші де зейнетақы жинағына ақша аударады. Бір сөзбен айтқанда, жауапкершілікті екіге бөліп, сақтық жасап тұр ғой.Айта кетелік, осыған дейін 2020 жылдан бастап жұмыс беруші жұмысшысының жалақысы көлемінің 5 процентін оған аудару туралы Үкімет шешімі жарияланған болатын.Бұл арада БЖЗҚ ел азаматтардың өз еркімен зейнетақы жинағын аударуға көп көңіл бөліп отыр.

БЖЗҚ Актуарлы есептер мен сараптамалар басқармасының бастығы Сайран Сейдіғазимов болашақта мемлекет өз есебенінен зейнекерлерді зейнетақымен қамтуды тоқтататынын айтады.

«Орташа есеппен алғанда, бүгіндері алған жалақысының 38-40 процентін өндіретін көлемде зейнетақы алады. Бұл өте аз. Демек, өмір бойына үнемдеп өмір сүруіңізге тура келеді. Мұндайда өмір сүру сапасы нашарлайды. Сондықтан адам өз еркімен алдын ала қарттыққа дайындалып, көбірек жинақ жасауы керек. Оған мүмкіндік беруіміз шарт», — дейді ол.

Үкімет зейнетақыға қатысты нені жасырып отыр?Алайда бұл арада қор мамандары бір нәрсе туралы жасырып отыр. Міндетті зейнетақы салымы мен ерікті зейнетақы салымы арасындағы айырманы.Мәселен, міндеттіде мемлекет Сіз жинаған ақшаның жылдар бойы инфляция жеп қойған бөлігін, сол секілді жинағыңызды қаржы құралдарына инвестициялағанда жоғалтқан ақшаны өндіріп береді. Ал еріктіде мұндай кепілдік қарастырылмаған. Еріктінің бір ерекшелігі, оны 50 жасқа толған соң тұтына берсеңіз болады, бұл арада шектеу жоқ.

Айдар Әлібаев

Қаржыгер маман Айдар Әлібаев үкіметтің  зейнетақы ерікті салымы жүйесін енгізу бастамасы нәтижесіз болады деп санайды.

«1996 жылы «Зейнетақының ерікті жарнасы туралы» Заң болған. Ол бір-ақ жыл жұмыс істеді. Өйткені бір де бір адам өз еркімен зейнетақыға ақша жинаған жоқ. Сол секілді зейнетақы жинағы жүйесі іске кіріскелі мұндай тетік болды, бірақ ешкім әлі күнге ерік танытқан емес. Экономика жақсы джамып, елдің қалтасында артық ақша болғанда да ел бұл жүйеге қызығушылық танытпады. Оның орнына жақсылап шетелде демалуды, қандай да бір кәсіп ашуды таңдады.

Ал қазір жағдай онша емес. Жұмыссыздық та өсіп келеді. Теңге бағамы да күнде құбылып тұр. Зенйнетақы қоры маңында даулы оқиғалар болып жатыр. Мұндайда, әрине зейнетақыны ерікті түрде жинауға ешкім басын ауыртпайды», — дейді ол.2017 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша, БЖЗҚ қорының мәліметтер базасында жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 39 мың адамның ерікті зейнетақы шоты тіркеліп қойыпты.

Қазіргі уақытта біздегі зейнетақы салымшысы инвестициялық стратегияны таңдауға, яғни өзінің жинағын көбейтуге ат салыса алмайды. Осыған байланысты ҚР Ұлттық банкі зейнетақы жүйесін модернизациялауды ұсынып, бірнеше өзгерісті талқылап жатыр. Мысалы, зейнетақы активтерін басқаруды бәсекеге қабілетті ортаға беру үшін оған қазақстандық компаниялармен қатар шетелдік компаниялардың да қатысуына мүмкіндік беру туралы айтылуда.

Ол үшін Зейнетақы активтерін басқару компаниялары құрылмақ. Бұл реформа салымшының өз зейнетақы жинағын басқару процесіне қатыса алады. Өз кезегінде ол қор нарығы жұмысының жандануына мүмкіндік бермек деп күтіледі. Дегенмен мұның бәрі қазір қағаз жүзінде қарастырылып жатқан нұсқалар екенін баса айта кетелік. Алдымен бұл реформаның жүзеге асырылуы үшін бірқатар заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілуі шарт.

Пікір: 0
Пікір қосу