ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Ядролық соғыстан қауіптенген бірнеше елдің тұрғындары бункер сатып алып жатыр

Ядролық соғыстан қауіптенген бірнеше елдің тұрғындары бункер сатып алып жатыр

 Солтүстік Корея тарапынан жасалуы мүмкін шабуылдарға байланысты Жапонияда жаппай жерасты бункерлерін сатып ала бастады. Сол секілді АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия және Үндістанның халқы да қатты қобалжулы.

 

Ядролық соғыс қаупінің туындауына байланысты қорғаныс қамалдарын салуға мамандандырылған Oribe Seiki Seisakusho компаниясының сатылымдары арта түсті. Бұл жайлы Vice ақпараттық порталы берген хабарламада айтылған. Сатып алушылар қорғаныс ғимараттарының салынуына ұзақ уақыт жұмсалатындығына қарамастан, олардың жылдам жеткізілуін талап етуде.

Айта кетейік, бұған дейін КХДР тарапынан АҚШ әскери базасы орналасқан Гуам аралына соққы беруге дайындық жасалып жатқандығы жайлы хабарланған болатын.

Сол секілді Интернеттің іздеу сайтында америкалықтар ядролық соғыс жағдайында қалай тірі қалуға болады деген сауалға жаппай жауап іздей бастаған деп хабарлады L!FE. Google-ден ядролық қару қолданылғанда адам өзін қалай ұстау керектігі туралы мәліметтер көптеп сұралып жатыр. Онда да 8 және 10 тамыз аралығында «Ядролық соққыдан қалай аман қалуға болады» деген сауал жиі қойылған.Бұл сауалды қоюшылар ішінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия және Үндістанның азаматтары бар.

Бұл Трамп мәлімдемесінен соң орын алған жағдай екен.

 

Пікір: 0
Пікір қосу