ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Демалыс күндеріндегі ауа райы қандай болады?

Демалыс күндеріндегі ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 12-13 тамызға арналған ауа-райы болжамын жариялады.

Бұршақ ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжауы бойынша, республиканың көптеген бөліктерінде ауа температурасы төмендейді. Сондай-ақ кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, кейбір аудандарда тұман түсіп, бұршақ жауып, жел күшейеді. Температуралық фон солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде 2-12 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 15-25-тен 20-30 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды.

Астанада 12 тамызда ауыспалы бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с. Түнде температура +7+9°С, күндіз +16+18°С.

13 тамызда ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с. Түнде температура +11+13°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда 12 тамызда ауыспалы бұлт шығады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Желдің күші 2-7, екпіні 12 м/с. Түнде температура +17+19°С, күндіз +21+23°С.

13 тамызда ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде температура +13+15°С, күндіз +26+28°С.

Пікір: 0
Пікір қосу