ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Үй жағдайында тісті қалай ағартуға болады?

Үй жағдайында тісті қалай ағартуға болады?

Голливудтық күлкіні барлық адам армандайды. Алайда, тіске арнайы күтім көрсетіп, тіс дәрігеріне баруға әркімнің құлқы жоқ. Үй жағдайында тісті ағартудың мынадай қолжетімді тәсілдері бар.

Дереккөз: baribar.kz

Белсендірілген көмір

Тісті ағарту
©takprosto.cc

Тісті ағартудың ең қарапайым әрі арзан тәсілі – белсендірілген көмірді қолдану. Ол үшін бір таблетканы суға езіп, тіс пастасы ретінде қолдану керек. Ағартуға арналған ұнтақтан қарағанда осы әдістің нәтижесі жақсырақ болады.

Құрғақ сүт

Құрғақ сүт
©receptkrasoti.ru

Құрғақ сүтті қолдану тісті ағартып қана қоймай, оның беріктігін қалыптастыруға көмектеседі. Сүттің құрамындағы кальцийдің тіске пайдасы көп. Тісіңізді тазалағанда тіс пастасына аздап құрғақ сүт қосуды әдетке айналдырсаңыз, тісіңіз аппақ болады және сынғыштығы азаяды.

Ас содасы мен лимон шырыны

Ас содасы мен лимон қышқылы
©med-look.ru

Бұл әдіспен тісті ағарту үшін бір шымшым ас содасы мен 2-3 тамшы лимон шырынын тіс щеткасына тамызып, тістеріңізді тазалау керек. Бірақ, бұл тәсілді аптасына бір-ақ рет қайталауға болады. Қышқылға аллергиясы бар адамдарға қолданбауға кеңес береміз.

Асқын сутегі тотығы

Сутегі асқын тотығы
©Medikforum

Сутегі асқын тотығын сезімтал ауыз қуысына қолдануға болмайды. Сондықтан, аса сақтық танытқан жөн. Сутегі асқын тотығын мақтаға тамызып алып, тістеріңізді осы сұйықтықпен ысқыласаңыз аппақ болып шығады. Алайда, бұл әдіс тіс эмалін бүлдіретін болғандықтан, жиі қайталамаған жөн.

Құлпынайдың пайдасы

Құлпынай
©Onelady.ru

Құлпынайдың адам организмінен бөлек, тіске де пайдасы бар. Бір тал құлпынайды езіп, тіс щеткасымен тісіңізді тазаласаңыз болады. Бұл тіс ағартудың ең табиғи әрі зияны жоқ тәсілі.

Пікір: 0
Пікір қосу