ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Бір жылда 10 миллионға жуық қазақстандық шетелде демалады

Бір жылда 10 миллионға жуық қазақстандық шетелде демалады

Бір жылдың ішінде 10 миллионға жуық Қазақстан азаматы шекара асып, шет елге сапарлап қайтады. Дереккөз: Inform.kz

Саяхат

Бұл жайында Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

«Саяхатшылар легіне қатысты деректер қызықты. Бұл орайда дереккөзі ретінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметтері алынады. Бізге туризм бойынша қанша адам келді, қанша адам кетті деген ақпараттар түседі. Бір жылдың ішінде елімізге 6,5 млн адам келсе, бізден басқа елдерге  барғандардың саны 9,8, 10 миллионға жуық адам», – деді ол.

Бірінші вице-министр тасымалдау саласына қатысты қызықты деректермен де бөлісті.

«2016 жылы түрлі көлік құралдарымен 3,7 млрд тонна жүк тасымалданды.  Негізінен тауарлар автомобиль арқылы тасымалданады. Ал егер жолаушылар жайында айтар болсақ, онда біз бір жылдың ішінде 22 млн жолаушы тасымалдадық. Жолаушылар тасымалы құрылымында басым үлес автобустарға тиесілі», – деді Дәленов.

Пікір: 0
Пікір қосу