ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Ақылды адамдардың досы аз

Ақылды адамдардың досы аз

Өмірде дос ұғымының маңызын айтып жатудың өзі артық. Адамдармен араласудың да пайдалы жағы көп. Ғалымдар адамға бақытты, жақсы өмір сүруі үшін достар шынында да қажет пе деген сұраққа жауап іздеді. Жасалған зерттеуге достарымен әртүрлі жағдайда араласатын 18-28 жас аралығындағы 15 мың адам қатысты.

Тәжірибе нәтижесі:

• Халқы көп жерде өмір сүретін адамдар өзін әлдеқайда бақыттырақ сезінеді;

• Өзіңмен көзқарасы бір адамдармен, достарыңмен араласу бақытыңды еселей түседі;

• Интеллектісі жоғары адамдар бұл ережелерге бағынбайды.

Адам IQ деңгейі жоғары болған сайын адамдармен араласуға мұқтаждығы кеми түседі екен. Зейінді жандар қоғамдағы шектен тыс белсенділіктен ләззат ала алмайды, керісінше, барынша алшақтағысы келеді. Әлеуметтік желілерге де мөлшерлі уақытпен ғана кіреді, ол жерде де етене араласатын досы болмайды деп айтуға болады. Үнемі «ортаның гүлі болу» олар үшін түк те қызық емес. Интеллектісі жоғары жандардың араласатын ортасы шағын ғана болады.

Ақылды болу да оңай емес. Олардың ішінде өзіндік кішігірім әлемі болады. Оның миы да басқаша жұмыс істейді, қарым қатынасқа қатысты сұрақтар да солай шешіледі. Асқан данышпандардың көпшілігі тіпті жападан-жалғыз десе де болғандай. Оларды сол күйінде қабылдап, түсінетіндер аз. Бірақ олар бұл жағдайға пысқырып та қарамайды. Олар адамдармен араласқан сайын, тіпті бақыты ортайып бара жатқандай болып, өзін жақсы сезінбейді. Ақылды жандар адамдармен араласқанға қарағанда уақытын маңызды істерге, ұзақмерзімді мақсаттарды орындауға жұмсағанды жақсы көреді. Нақты нәтиже беретін істер ғана оларға қуаныш сыйлай алады. Рактың алдын алатын вакцинамен жұмыс істейтін жазушы дәрігер романында ешкіммен араласуды қажет етпейтінін жазады. Себебі ол ісінен алаңдатып, мазасын қашырады. Басты нысаннан назары басқа жаққа ауса, ішкі гармониясы да бұзылады. 
Дереккөз: massaget.kz

Пікір: 0
Пікір қосу