ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Қажылық үшін қаражат емес, Алланың шақыртуы керек. Жүректі елжіретті (ФОТО)

Қажылық үшін қаражат емес, Алланың шақыртуы керек. Жүректі елжіретті (ФОТО)

"Қажылық үшін қаражат емес, Алланың шақыртуы керек. Оған дəлел мына суреттегі Əл Һасан Абдулла атты Ганадағы(Африка)шағын ауыл тұрғынымен болған жағдай.

 
Қолына ұстап тұрған дрон түркиялық телеканал үшін түсірілім жасап ұшып жүріп, кенеттен Абдулланың үйінің алдында құлайды.
Журналисттер Абдуланның үйіне аппаратын алып кетуге келсе, қолындағы дронды бекем ұстап тұрған қартты көреді. Ол журналисттерге қарап: "Мына құрылғы мені Меккеге жеткізе алады ма?" деп сұрапты.
Бұл оқиғаға жүрегі елжіреп, көңілі босаған түрік журналисттерінің бірі Əл Һасан суретімен твиттерде бөлісіпті. Көп өтпей сурет кең таралып кеткен болатын.
Түрік үкіметі Абдулла атаның мəселесіне көңіл бөліп, қажылық сапарын өтеуге қаржы бөлген екен. Кеше ганалық ата Джиддаға жол жүріпті.
АЛЛАНЫҢ ƏМІРІ МЕН МЕЙІРІМДЕ ШЕК ЖОҚ. ҚАЖЫЛЫҚҚА ШАҚЫРАМЫН ДЕСЕ КІМ КЕДЕРГІ БОЛА АЛАДЫ? Құлшылықтары қабыл болсын деп тілейміз" - деп жазыпты Мұхаммеджан Тазабеков өзінің инстаграм парақшасына.

Пікір: 0
Пікір қосу