ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Өмір бітпейтін мәселесімен қызық

Өмір бітпейтін мәселесімен қызық

Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін керемет мүмкіндік кеңістігі. Өмірге келген әрбір адамның өзіне тән орындау керек қызметі бар. Яғни оның болмысы, оның әрбір жасайтын әрекеті мен қызметі, тапсырмасы, оқуы мен тоқуы, жұмысы, отбасы болып ұрпақ таратуы бәрі-бәрі де осы қатарға саяды. Ал мәселе ше? 

Мәселе – өмір сүрудің ең негізгі бір бөлігі деп алуға болады. Себебі адам миында ойлануға түрткі болатын мәселе не алаң болмаса оның ешнәрсеге құлқы болмайды. Мәселен, сіздің басыңызды не қарыз жоқ болса, не ешқандай бір уайымдайтын нәрсе болмаса сіз жатыпішердің нақ өзі боласыз. Қазақ «қайғы-мұңсыз қара суға семірген» деп бекер айтпаса керек, себебі еш уайымы жоқ адамның қарны тоқ, мәселесі жоқ болады. Ал адамды ойландыратын, әлдебір іске еңбек қылуға жігерлендіретін мәселе болмаса, ол азғындыққа баруы мүмкін.  Мәселе сонымен қатар адамға жігер беруші белгісіз бір күш. Бір мысал келтірейік, сіздің басыңызды қарыз бар. Адамға әлде мемлекетке. Сіз сол қарызды қайтару үшін жұмыс жасайсыз, еңбектенесіз. Бір сөзбен бос уақытыңыз болмайды. Сіз қандай жұмыс болмасын бәрін заң жүзінде жасап, тыныш өмір сүруге ұмтыласыз. Ал бұл жақсы. Себебі заң аясында жұмыс істеп, адал ас ішсеңіз сіздің тыныш әрі мәселеге толы өміріңіздің берекесі бар деген сөз.  Таңда орныңыздан ерте оятып алатын мәселеңіз болса, түсте үйіңізге жетуге жетелейтін, қайтып кешке дейін басыңызды қатырып жіберетін, кеш батса үйіңізге қарай сүйрейтін, ерте жатуға, ертеңгі күнді ойлауға мәжбүрлейтін мәселеңіз болса қуаныңыз, себебі сіз шынайы өмір сүріп жүрсіз. 

Толығырақ: massaget.kz

Пікір: 0
Пікір қосу