ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Қыздар жайлы жігіттер білуі керек екі-ақ нәрсе

Қыздар жайлы жігіттер білуі керек екі-ақ нәрсе

 Қыз баласы, жалпы әйел заты зерттесе түбі жоқ құбылмалы жандар. Табиғаттың заңдылығына бағынған ер мен әйелдің арасында болатын махаббат, сезім – бәрі ерекше құбылыс. Дегенмен, жігіттер қыздар қауымына келгенде шорқақтау. Себебі оларға не керек екенін білгісі келеді, қалағандарын алып бергісі келеді немесе жақын тартып сөйлескісі келеді. Бірақ осылардың біреуі де өз кезінде орындалмайды. Одан қала берді, жігіттер өздеріне тым сенімді болады. Бұл сенімің соңы жарға апарып соғады. Мәселен, жігіттер қыз баласы "мені сүйді" екен деп, "ол менен кете алмайды" деген сынды шалажансар ойлар қалыптасады. Ал бұл ойлардың түбі сол арудан айырылып тынуға апарады. Сондықтан жігіттер қыздар туралы екі-ақ нәрсені ескеру керек.

Қыздарға көңіл бөліңіз

Көңіл бөлу – қыздардың ең әлсіз жері. Оларға бір сәт көңіл бөлмей, басыңызды басқа жаққа бұрып кетсеңіз, қиын болады. Сізді үлкен ұрыс не екі жаққа кету қорқынышы күтіп тұр. Себебі қыз баласы әрдайым біреудің қамқорында, қорғауында болғанды жақсы көреді. Ал еркелігі өз алдына. Қызбен 2-3 жыл көңіл жарастырып, махаббат бағын араласаңыз да, оған түбі көңіл бөлу керек. Себебі олардың дерті – сол. Мың жерден керемет, сұлу әрі ақылды жігіт бола тұрып, сүйіктіңізге көңіл бөлмей кетсеңіз, ол «мендік» деп ойламаңыз. Ол ендігі басқа біреудің сүйіктісі болып кетуі де ғажап емес. Себебі сіз бас тартқан назарды сол жүгірмек салып үлгерді.

Қыздар өздеріне не керегін нақтылай алмайды

Бұл да бір заңдылық. Олардың не еркелеп тұрғанын, не ренжіп, не қуанып тұрғанын білу өте қиын. Құбылмалы ауа райы секілді. Сондықтан қыздардан өздері әлі білмейтін нәрсені талап етудің қажеті жоқ. Тек іске көшу керек. Сол кезде ғана олар өздеріне не керектігін анық айта алады. Мәселен қарны ашып тұрса да «жоқ» деп жауап береді. Ашуланып тұрса да, «жоқ» деп жауап береді. Осы жағдайдан шығу үшін олардың көзінен бәрін көруге болады әрі әрекеттері мен дауыс ырғақтарына назар аударыңыз. Қыз баласы – жұмбақ жаратылыс. Олар туралы білген екі-ақ нәрсе секілді, оларға екі-ақ нәрсе беру керек: көңіл аудару мен қамқорлық. Бұл екеуі сіздің махаббатыңыздың беріктігіне кепіл бола алады.

Толығырақ: massaget.kz

Пікір: 0
Пікір қосу