ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Жастарға 5 пайыз мөлшерлемемен ипотека беріледі – Ілияс Өсеров

Жастарға 5 пайыз мөлшерлемемен ипотека беріледі – Ілияс Өсеров

Алматыда қалалық мәслихаттың депутаттары жастардың баспаналы болуына жеңілдетілген кредит беру үшін бір миллиардқа жуық теңге бөлді.  

Дереккөз: Tengrinews.kz

Тұрғын үй

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Ілияс Өсеровтің айтуынша, жастарға арналған несие жылына 5 пайыз мөлшерінде болады.

“Бұл мәселені шешу үшін “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” арқылы тұрғын үй сатып алу үшін жастарға жеңілдікпен несие беру механизмін қолдану ұсынылады. Жастарға арналған несие жылына 5 пайыз мөлшерінде болады. Осы мақсаттар үшін жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Жергілікті бюджеттен 303,2 миллион теңге қаражат денсаулық сақтау саласына, жедел жәрдем шақыру санын көбейтуге байланысты шығындарды жабу, сондай-ақ 3 денсаулық сақтау нысанын сейсмикалық күшейту және онкоорталық салуға бөлу көзделіп отыр”, – деп атап өтті Ілияс Өсеров.

Айта кетейік, әлеуметтік салаға 1,8 миллиард теңге бөлінді. Оның басым бөлігі жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге қарастырылған.

Пікір: 0
Пікір қосу