ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Бензин үнемдеуге арналған 13 кеңес

Бензин үнемдеуге арналған 13 кеңес

Қазақстандағы бекеттердегі жанар-жағар май тапшылығы уақытында бензинді қалай үнемдеуге болатыны жайлы ойланып көрдіңіз бе? Кейде темір тұлпарымыз біз ескере бермейтін кей кедергілердің әсерінен көп мөлшерде бензин тұтынуы мүмкін. Егер төмендегі кеңестерді ескеріп, орындасаңыз 15-60% машина отынын аз жағуға болады.

Кеңес №1

Қызмет көрсету орталығына жиі барыңыз

Кейде көлігіңіздің көп мөлшерде бензин тұтынуының себебі, қарапайым жөндеуді қажет етуінде болуы мүмкін. Жиі қызмет көрсету орталығына барып, темір тұлпарыңызды тексерістен өткізіп тұрыңыз.

Кеңес №2

Аэродинамикалық кедергі келтіретін қосымшаларды алып тастау

Аксесуарлар ұзақ жолға шыққанда көмектессе, қалада бензин тұтынуын арттыруы мүмкін. Машина үстіндегі қосымша багажникті алып тастау – керемет идея. Төмендегі кесте арқылы қосымша аксесуарлар аэродинамикалық кедергі коэфицентін қанша пайызға арттыратынын көрсек болады.

Аксесуарлар

Қосымша багажник                                                                        +10%

Ашық терезе                                                                                  +5%

Ашық люк                                                                                      +3%

Антенна                                                                                         +2%

Шыбын қаққыш                                                                              +3%

Кеңес №3

Көлік массасын азайту

Бұл түсінікті деп ойлаймын. Аз масса – аз шығын.

Машинаңыздағы керексіз заттардан құтылыңыз. Мұндай заттарға балалар креслосы, қыстық шиналар, пайдасыз жүктерді жатқызуға болады.

Машинаңызға шуыл өткізбейтін (шумоизолация) материал орнатуды ойладыңыз ба? Ол көлігіңізге қосымша 50-100 килограмм салмақ қосады, сәйкесінше бензин шығыны 0,4-0,7 литрге көбейеді.

Кеңес №4

Жүргізу стиліңізді өзгертіңіз

Жүргізу мәнеріңізді бірқалыпты жүру мен тоқтауға келтірсеңіз бензинді 25%-ға дейін үнемдеуге болады. Сонымен қатар бағдаршам жұмысы мен көшедегі жағдайды да ескерген жөн. Бір сөзбен айтқанда тежегішті қаншалықты аз басасыз, соншалықты бензинді аз жағасыз.

Кеңес №5

Жолға шығатын уақытыңызды таңдай біліңіз

Алматыдағы кептеліс
Алматыдағы кептеліс ©tengrinews.kz

Ерте тұрған еркектің бір ісі артық. Ертерек жолға шығу сізге жанар-майды үнемдеуге  және жұмысыңызға ерте барып baribar.kz сайтынан қызықты жаңалықтарды оқуға көмектеседі.

Машиналар легінің аз жағына қарай жұмыстарыңызды жоспарлаңыз. Мысалы Алматы қаласында таңертең жоғарыға қарай автокөліктер легі көп болатын болса, ол уақытта ісіңіз шұғыл болмаса шықпағаныңыз абзал болады. Бұған түстен кейінгі көлік кептелісі аз болатын уақытты таңдаңыз. Немесе бірнеше істі біріктіріп сенбі және жексенбі күндері шықсаңыз болады.

Кеңес №6

Жол жүру маршрутын дұрыс бағдарлаңыз

навигатор
машинадағы навигатор

Соңғы технологиялардың көмегімен бензинді үнемдеуге болады. Навигаторлар қай жерде кептелістің аз екенін көрсетіп беретін мүмкіндікке ие. Егер машинаңызда бұл құрал болмаған жағдайда, смартфоныңызды пайдалансаңыз болады.

Кеңес №7

Трассада крейсерлік жылдамдықты таңдаңыз

Крейсерлік жылдамдық – беріліс қорабының (коробка передач) соңғы сатысында машинаның бензинді ең аз тұтынатын сәті. Көбіне бұндай жылдамдық екпін (оборот) 2,0-2,5 мың екпін/мин болған кезде тұрақталады.

Машина мықты және жаңа болған сайын крейсерлік жылдамдықта үлкен.

Жылдамдықты крейсерлік нүктеден асыру бензиннің көптеп шығындалуына алып келеді. Мысал үшін ВАЗ 2105-ті аламыз:

80 км/сағ – 7 литр 100 километрге

100км/сағ – 11 литр 100 километрге

Крейсерлік жылдамдық көбіне автокөліктің қызмет көрсету кітапшасында жазылып тұрады.

Кеңес №8

Беріліс қорабын (коробка передач) ауыстыру сәтін дұрыс таңдаңыз

Механика

Жоғарыда айтып кеткеніміздей екпін (оборот) 2,0-2,5 мың екпін/сағ болған жағдайда бензин тұтыну аз болады. Тахометрде осы екпіннен асырмай беріліс қорабы сатысын ауыстырып отырыңыз.

Әрине, бұл автомат қорапшалы көліктерге қатысты емес.

Кеңес №9

Шинаны дұрыс таңдаңыз

Бензин шығыны дөңгелекке де қатысты. Әр түрлі өндірушілердің шиналары бензин шығынына өзінше әсер етеді. Бұл айырмашылық 100 километрге 0,5 литрге дейін болуы мүмкін.

Шиналарды таңдау барысында олардың бағасына емес, барлық авто-өндірушілер жасайтын тест-драйв нәтижелеріне көңіл бөліңіз.

Кеңес №10

Үлкен радиусты дөңгелектер қоймаңыз

көлік

Бұл шынында артық шығын. Радиусы үлкейген сайын шиналарда қымбат болады, сонымен қатар бензин шығыны көбейеді.

Кеңес №11

Дөңгелектердің қысымы

Дөңгелегіңіздің қысымын әруақытта тексеріп отырыңыз. Қысымды арттырған сайын бензин тұтыну азайғанымен, дөңгелегіңізге қауіп төндіреді. Сол себепті өндіруші ұсынған қысымды қойыңыз. Әдетте жеңіл автокөліктер үшін бір квадрат сантиметрге 2,2 килограмм. Бұл жыл мезгілдеріне байланысты ауысып отыруы мүмкін.

Кеңес №12

Жылы гараж сатып алыңыз

Қыс мезгілінде машинаңыз ұзақ қызады. Жылып болам дегенше бензин шығыны арта түседі. Машинаңызды мүмкіндігінше жылы, құрғақ жер тауып қоюға тырысыңыз.

Кеңес №13

Дисконтты карта алыңыз

Жүргізушілер көбіне үй жанындағы немесе жұмыстан қайтар жолдағы бір жанар-май бекетінен бензин құяды. Егер сізде көбіне бір жерден жанар-май алатын болсаңыз, дисконтты карта сатып алыңыз. Бұл бар жоғы бес минут уақытыңызды алғанымен бензинге құртатын ақшаңызды 3%-ға дейін үнемдеуге көмектеседі.

Тағыда басқа үнемдеу жолдарын білсеңіздер пікір қалдырамыз. Сапарларыңыз сәтті болсын!

Пікір: 0
Пікір қосу