ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Әлемдегі ең үлкен сәбіз Гиннестің рекордтар кітабына енді

Әлемдегі ең үлкен сәбіз Гиннестің рекордтар кітабына енді

Америкалық жігіт пен оның өсірген сәбізі рекорд орнатты. Ауыл шаруашылығы тарихында салмағы 10,18 келі болатын сәбіз бірінші рет тіркелген екен.

АҚШ-тағы Миннесота штатында тұратын фермер Кристофер Кваллидің бақшасында әлемдегі ең үлкен сәбіз өсіп шыққан. Сәбіздің ұзындығы 1 метр болса, салмағы 10,18 келіге жеткен.

Белгілі болғандай, осыған дейін тіркелген сәбізден бұл көкөністің салмағы 6 келіге ауыр көрінеді.

Кристофер сәбіздің осындай ірі болып өсуіне тұқымның, топырақтың және ауа райының әсер еткенін айтқан. Сондай-ақ, ол сәттілікке де тап болғанын жасырмады.

Дереккөз: baq.kz

Пікір: 0
Пікір қосу