ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » 2017 жылдың ең үздік гаджеттері анықталды

2017 жылдың ең үздік гаджеттері анықталды

2017 жылдың ең үздік гаджеттерінің рейтингі жасалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Time журналына сілтеме жасап. Ең бірінші орынға жапондық ойын приставкасы Nintendo Switch шықты. Құрылғының 6,2 дюйм экранды планшеты, сондай-ақ құрылғыны стационарлық приставкаға айналдыруға мүмкіндік беретін Joy-Con геймпады бар.

Ең үздік техникалық жаңалықтардың екінші орынында iPhone X тұр. Сарапшылардың пікірінше, қымбаттығы және сапасына қатысты шағымдарға қарамастан, бұл гаджет болашақ смартфондар үшін жаңа стандарт болды.

Microsoft корпорациясының Surface ноутбугы үздік үштікке енген. Ол әдемі дизайны және батарея қуатының мықтылығымен танымал.

Сарапшылар төртінші орынды DJI Spark мини-квадракоптеріне берген.

Ал үздік бестікті Samsung Galaxy S8 тұйықтапты.

Сонымен қатар, ең үздік 10 гаджеттің қатарына Super Nintendo Entertainment System (SNES) Classic ойын приставкасы, Amazon Echo (екінші деңгейлі) аудиоколонкасы, Xbox One X консоль, Apple Watch 3 ақылды сағаты және Sony Alpha A7R III фотокамерасы енген.

Дереккөз: baq.kz

Пікір: 0
Пікір қосу