ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Банан туралы не білесіз?

Банан туралы не білесіз?

  Кеңестік дәуірден кейін елімізге импорттала бастаған жемістің бұл түрі өте құнарлы әрі пайдалы. Көңіл күйдің көтерілуіне көмектесетін бұл жемістің құрамында В6 витамині бар. Банан 10 м биіктікте, шамамен 40 см диаметрде өседі. Оның бір түбінде ең көп 300 бананға дейін өседі.

Олардың ортақ салмағы 500 кг дейін барады. Дүние жүзі бойынша ең көп өндірілетін жеміс-жидектердің ішінде екінші орында тұр. Бірінші орында – апельсин, ал үшінші орында – жүзім. Бананды ең көп өндіретін мемлекеттер – Үндістан, Бразилия. Қарапайым сары түсті бананнан бөлек қызыл және қаралары да бар. Қызыл бананды көп мөлшерде экспорттайтын ел – Коста-Рика. Бұл банан өте хош иісті және өте тәтті. Жұмсақ, тез езіліп, бұзылып кететін болғандықтан, алыс шет елдерге тасымалданбайды. Сол себепті бананның бұл түрінен көбісі бейхабар. Жидектің ерекше түрінің құрамында көп мөлшерде қант болғандықтан, қант диабетінен зардап шегетіндерге тұтыну қауіпті. Қызыл банан А, С дәрумендеріне бай. Коста-Рикада таңғы асқа арналған бутербродтарға осы бананның тілімдері қосылады. Тіл үйірерлік дәмі бар бұл таңғы астың адам ағзасына пайдасы мол. Қарапайым бананға қарағанда кептірілген банан 5 есе құнарлы. Бір бананның құрамында шамамен 300 мг калий бар. Адам организмі күніне 3-4 г калийді қажет етеді. Қан қысымы көтерілген кезде бананды тұтыну арқылы бұл жағдайды қалыпқа келтіруге болады. Сонымен қатар, жүрек бұлшықеттерін қатайтады. Эстониялық Майк Лепик есімді азамат бананды жылдамдықпен жеуге арналған халықаралық жарыста үздік бірінші орынды иеленген. Ол 3 минуттың ішінде 10 бананды тауысып үлгерді. Жеңіске жетуінің басты құпиясы – уақыт үнемдеу үшін бірден қабығы ашылмаған жидекті жеген. Еуропада үлкен танымалдылыққа ие болған дәл осы «бананды жылдамдықпен жеу» жарысы бойынша тіркелген әлемдік рекорд – 1 сағатта 81 банан. Бананның қабығы денедегі көгерген теріні қалпына келтіреді. Көбіне соққыдан көгеретін беттің айналасына 10-30 минут басып тұрсаңыз жеткілікті. Бананның латын тіліндегі аудармасы – «musa sapientum». Мағынасы – данышпан адамның жидегі.
Дереккөз: massaget.kz

Пікір: 0
Пікір қосу