ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Ең алғашқы sms-ті кім жазған?

Ең алғашқы sms-ті кім жазған?

  Алғаш рет sms хабарлама 1992 жылдың 3 желтоқсанында жазылыпты. Оны жазған британдық Нил Папуорт адамзат тарихындағы айтулы өнертабыстың пайда болғанын сезбеген де... Нил Папуорт бүгінде 47 жаста. Отбасымен бірге Канадада тұрады. Ал алғаш болып sms жазған кезде ол Ұлыбританияда "Sema Group" компаниясында бағдарламашы болған. - SMS жобасын біз "Vodafone" компаниясымен бірге келісім бойынша жасадық.

Алғашында бұл жоба компания ішіндегі шағын қабылдағышты байланыс жүйесіне (пейджингтік жүйе) арналған еді. Біз компанияда байқау сынағын өткізгеннен кейін өз еркіммен "Vodafone" компаниясында осы жобаны жүзеге асыруға келісім бердім. Онда бірнеше айға созылған зерттеу мен бақылау жұмыстарынан кейін алғашқы хабарламаны жазу мүмкіндігіне ие болдық. Қызметтегілердің барлығы осы жобаның бас-қасында жүрген соң, маған ұсыныс айтты. Ол күн әлі есімде. Әйтсе де ол сәтте тарихи оқиғаның емес, әдеттегі жұмыс күніндегі көңіл-күйде болғаным рас. Себебі sms жазу дамып, адамзат тарихындағы айтулы оқиға боларын ойламаппын да. Алғашқы sms-ті компьютер арқылы компания басшысының мобилді нөміріне "Рождество мерекесі құтты болсын" деп жаздым, - дейді Нил Папуорт Tass басылымына берген сұхбатында. Sms жазу 1992 жылы бірден дамып кете қойған жоқ. Себебі компьютер арқылы хабарлама жібергенмен, телефон арқылы жауап қайтару мүмкін емес еді. Нил де өзінің алғашқы құттықтау хабарламасына жауап ала алған жоқ. - Алғашқы хабарлама жіберілгеннен кейін біз компанияда тестілеу кезеңін бастадық. Бір жылға дейін ешкім қолдана қойған жоқ. Мобилді телефондар арқылы жазу мен жауап беру мүмкіндігі пайда болғаннан кейін барып қана танымалдылығы арта түсті. Мобилді операторлар ұсынысы бойынша мәтінді хабарлама жазудың шығуы – sms дәуіріне серпін берді, - дейді бағдарламашы. Ең алғаш sms хабарлама жолдаған Нил Папуортты көпшілік біле бермеген. Тіпті әйелі де... - Мен жайында алғашқы көлемді мақала sms хабарламаның 10 жылдығы кезінде жарияланды. Ол уақытқа дейін алғаш болып менің sms жазғанымды таныстарым мен қазіргі әйелім де білмеген. Мен де бұл жайында айтуды құнттамаппын. Тарихи оқиғадан кейін менің керемет өзгерді деп те айта алмаймын. Әрине, әр жылдың 3 желтоқсанында мені іздейтін тілшілер жетерлік. Мұның өзі қызықты, - дейді Нил Папуорт.
Дереккөз: massaget.kz

Пікір: 0
Пікір қосу