ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Су жаңа Lamborghini Urus қандай болмақ?

Су жаңа Lamborghini Urus қандай болмақ?

  Lamborghini компаниясы ресми түрде Urus кроссоверін таныстырды. Ол өз ішінде ең жылдам көлік болмақ. Су жаңа көліктің құны 200 мың доллардан басталады, – деп хабарлайды The Verge.

Жаңа Lamborghini Urus көлігінің ұзындығы – 5112 мм, ені – 2016 мм және биіктігі – 1638 мм; дөңгелегі – 3003 мм, салмағы – 2154 кг.  Кроссовердің кабинасы толығымен қымбат материалдармен жабдықталған. Сипаттамалар жағынан жаңалығы 650 аттың күші бар, ол 3,59 секундта 100 км/сағ жылдамдықты қоса алады. Сонда автокөліктің максималды жылдамдығы сағатына 300 шақырым. Ол 100 шақырымға 11 литр бензин жағады. Айта кетейік, су жаңа Lamborghini Urus алдағы жылдың жазында шығады деп жоспарлануда. 


Дереккөз: massaget.kz

Пікір: 0
Пікір қосу