БАҚ-қа жауаптыларға арналған семинар өтті

0 6

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығының ұйымдастыруымен облыстық, қалалық емдеу-алдын алу мекемелерінде бұқаралық ақпарат құралдарына жауапты болып бекітілген тұлғаларға арналған семинар-тренинг өтті.

Шараның мақсаты – БАҚ-на жауапты қызметкерлерге өзінің емдеу мекемесіндегі жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, күрделі оталарды, хабарландыруларды интернет желісінде таратуға бейімдеу, өзіндік интернет контенттерін ілгерілету болып табылады.

Семинар барысында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Денсаулық — 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мен атқарылып жатқан жұмыстар жөніндегі 2018 жылға арналған медиа-жоспар және әлеуметтік желілермен жұмыс істеу тәртібі туралы орталық жетекшісі Толқын Өмірбаева баяндама жасады. Сондай-ақ, ғаламтордағы теріс ақпараттардан қорғау, ақпарат ағынын сүзгіден өткізу және дер кезінде қойылған сауалдарға жауап қайтару жайлы әңгіме өрбіді. Ал қатысушылар тарапынан түрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.