Фейсбук қазақтілді маман іздеп жатыр

0 0

 Интернет әлеміндегі ірі әлеуметтік желілердің бірі Facebook қазақ тілін меңгерген, Қазақстан және Орталық Азия өңірінің дәстүрі мен мәдениетін терең білетін маман іздеп жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы компания өзінің Facebook-тегі ресми парақшасына жариялады.

«Қазақстан нарығын зерттеумен айналысатын командамен бірге жұмыс істейтін маман керек. Жұмыс орны Ирландияның Дублин қаласындағы кеңсесінде орналасқан. Үміткер Қазақстандағы қолданушылардан келген сауалдарға жауап беріп, қазақ тіліндегі контенттің хабарламаларын тексереді. Желіде тіркелгендерге қолдау көрсетіп, аккаунтқа қатысты туындаған мәселелермен айналысады. Үміткер жылдам әрі сапалы жұмыс істеп, Қазақстанда болып жатқан соңғы оқиғалардан хабардар болуы тиіс. Сондай-ақ, оның бакалавр және магистр ғылыми дәрежесі немесе сараптамалық жобалар саласында жұмыс өтілі болуы тиіс. Үміткер ағылшын және қазақ тілдерін еркін білуі керек. Excel және SQL бағдарламаларымен жұмыс істей алса, тіпті жақсы», — делінген хабарламада.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.