Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде 7120 объект есепке алынған

0 2

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығыазаматтық қорғау полковнигі Әкімбаев Мақсат Әшірбайұлы айтты.

Мақсат Әшірбайұлының сөзіне сүйенсек, Мемлекеттік өрт бақылау қызметі жеке және заңды тұлғалармен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған және оның мақсаты өрттерден мемлекетті, қоғамды мүліктерді және адамдарды қорғаудың тиісті жағдайы болып табылады. Қазіргі таңда Жамбыл облысы аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды нақты 61азаматтық қорғау органы қызметкерімен жүргізілуде және олар өздерінің қызметтерін Техникалық регламенттер мен ережелер және қолданыстағы объектілерге арналған белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарымен регламенттейді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде 7120 объект есепке алынған, олардың 1820 өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғарғы қатер тобына жатады және жылына бір рет тексеріледі, маңыздылығы қатер тобында 5300 объект бар, олар тек қана жоспардан тыс тексеріледі. Құқықтық статусына, жеке меншігіне және қызмет түріне қарамастан тексерілетін субъектілерге бақылау және қадағалауды жүргізу мен ұйымдастыру саласы бір құжатпен реттелген, бұл Қазақстан Республикасындағы Кәсіпкерлік кодексі. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап «тоталды» бақылау принципінен кетуге және бизнеске қысым келтіруді азайтуға бағытталған, барлық бақылаушы мемлекеттік органдарға бақылау мен қадағалаудың біркелкі үлгісі мен әдіс түрін қамтитын бақылау мен қадағалаудың жаңа әдістемесі енгізілген. Бақылау жүргізудің жаңа көзқарасымен жоспарлы тексеру түсінігі қысқарған және бақылаудың ең қауіпті саласына, оның ішінде өрт қауіпсіздігі саласында және тек қана жоғарғы қетер тобына жататын объектілерге ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу енгізілген. Өрт қауіпсіздігі саласы бойынша Критерилерге сәйкес (ҚСжАЕАжК келісілген ІІМ және ҰЭМ бірлескен бұйрығы) жоғарғы қатер деңгейіндегі объектілеге келесі объектілер жатқызылған, яғни ірі өртке қауіпті және өндірістік кәсіпорындар, тіршілікті қамтамасыз ететін және адамдар жаппай жиналатын объектілер, әлеуметтік саладағы, білім беру, денсаулық сақтау, ірі сақтау (қойма) объектлері және т.б., бұл объектілер өрттің орын алу қаупі жоғары және олардың салдарынан адамдарға және материалдық құндылықтарға ауыр зардаптар әкеледі. Тексерілетін субъектілерге қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізудің жиілігі күнтізбелік жыл ішінде бір реттен аспайды. Қауіп қатер деңгейін бағалау жүйесі қайта қаралды. (ҰЭМ бұйрығымен бекітілген біркелкі әдіске сәйкес қалыптастырылуда). Ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу үшін қауіп қатерді бағалау критериі шынайы және субъективті критериі амалымен қалыптастырылуда: — шынайы критерий – бұл объектіні жоғарғы және маңыздылығы шамалы қатер тобына бөлу мен топтастыру. — субъективті критерий – бұл ұқыпты тексерілетін субъектіні ынталандыру принципін іске асыру мақсатында қолданылатын ерекеше тәртіп бойынша тексеруден босату механизімі. 2012 жылдан бастап бақылау және қадағалау саласындағы заңнамада жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлі қолдау нормасы бар. Яғни, жаңада құрылған кіші кәсіпкерплік субъектісі оның құрылған күнінен бастап (мемлекеттік тіркеуден) үш жыл ішінде тексеруге жатпайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.