Тараздық тілшілер теңбіл доп турнирінде топ жарды

0 0

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында БАҚ өкілдері арасында кіші футболдан турнир өтті. Аталған аладоп додасында тараздық тілшілер топ жарып, жеңімпаз атанды. 

Жарысқа «Оңтүстік» телеарнасы, блогерлер, «Медиа» құрамасы, «Уақыт» газеті, «Шардара» құрамасы және Жамбыл облысынан «Тараз» командасы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша «Тараз» командасы жеңіске жетіп, 150 мың теңге ақшалай сыйлықты қанжығаға байлады. Екінші орынды «Оңтүстік» телеарнасының футболшылары еншілеп, сыйлыққа 100 мың теңгені иеленді. Ал, жүлделі үшінші орынды «Медиа» командасы бағындырып, оларға 50 мың теңге сыйақы бұйырды.

Ал, «Тараз» командасының ойыншысы Нұрмұхамед Мәулен турнирдің «Үздік шабуылшысы» атағын алды.

Өз кезегінде тараздық жігіттер келесі БАҚ арасындағы футбол жарысы Жамбыл облысында өтетінін айтып, Шымкенттен міндетті түрде екі-үш команда келсе деген ниеттерін білдірді. Жарыс соңы мерекелік дастарқанға жалғасып, шардаралықтар қонақжайлықтарын көрсетті.

Дереккөз: oninfo.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.