Тараз қаласының сәулеттік кескін-келбеті жаңарады

0 8

Биыл Тараз қаласының сәулеттік кескін-келбетін жаңарту жұмыстары қолға алынады. Оған шаһардағы кәсіби сәулетшілер, дизайнерлер мен суретшілер тартылады. Өңір басшысы Асқар Мырзахметов сәулет және қала құрылысы басқармасына нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесін өткізу кезінде көркі көз тартар ғимараттар, ескерткіштер мен демалыс алаңшалары салынды. Биыл бұл жұмыс ары қарай да жалғасын табады. Өнер және мәдениет нысандарын салу қолға алынады. Ғимараттардың сыртқы қасбеттерін ретке келтіру мен көшелерді әрлеуде Астана, Алматы, Шымкент қалаларының тәжірибесі басшылыққа алынады. Мұнан бөлек, аталған басқарма шаһардағы тұрғын үйлердің, ғимараттардың шатырларын, қабырғаларын біріздендіру бағытында шаралар қабылдайды. Облыс орталығында қала көшелерінің атауы көрсетілген тақтайшалар орнату да жоспарға енгізілмекші. Тараздың сәулеттік кескін-келбетін жақсарту жұмыстарына аймақтағы ірі мекемелер мен ұйымдар да тартылатын болады.

Мәліметтер облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Leave A Reply

Your email address will not be published.