Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінді

0 0

ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылдың 23 қаңтары күні 07 сағат 26 минут 09 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде, Өзбекстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 10.6. Тербелісі — 4.7. Тереңдігі — 15 шақырым. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында жер дүмпуі сезілді. 

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.