Мемлекеттік сатып алуларға қатысу талаптары өзгереді

0 0

Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алуларға қатысатын компанияларға байланысты талаптарды өзгерту көзделіп отыр. Бүгін ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев депутаттарға аталған өзгерістер туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде құрылыс саласындағы мемлекетік сатып алулар кезінде өтінімдерді кері қайтарудың басты себебі — құжаттардың көптігі. Конкурстық құжаттардың ішінде артық қағаздар көп. Тіпті, ескі теxниканы өткізбеу шарты да бар. Ондайда тапсырыс беруші кез келген компанияның өтінімін оп-оңай кері қайтара алады», — дейді Р.Бекетаев. Осыған байланысты тиісті заңнамаға өзгерістер енгізіп, сатып алуларға қатысу талаптарын жеңілдету көзделіп отыр. Алайда тауар мен қызметтерді жеткізуші компаниялардың санына емес, жұмыс сапасына баса назар аударылады. «Ал жұмыс сапасы қалай анықталады? Алдымен салықтық жүктеменің мөлшеріне назар аударылады. Бұдан бөлек, компанияның қаржылық тұрақтылығы мен жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Осы уақытқа дейін компанияның мемлекеттік сатып алулар саласында жинаған беделі де саналады», — деп атап көрсетті Р.Бекетаев. Айта кетейік, Руслан Бекетаев мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулар саласындағы басты проблеманы да ашып берді. _a3133352 Заң жобасы аясында демпингке қарсы норманы енгізу көзделген.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.