Samsung S9 смартфоны 1,5 сағатта толық қуатталады

0 1

 Samsung Galaxy S9 смартфонының алдын ала жарияланбаған алғашқы видеосы пайда болды. Гаджеттің шығарылуы келесі айда өтеді деп күтілуде. Видео Trendy Techz YouTube арнасында жарияланды.  Samsung компаниясы келесі айда өтетін Mobile World Congress көрмесінде өзінің Samsung S9 смартфонын ұсынады.

Бұл туралы  Бұл туралы  Samsung-тың мобильді бөлімшесінің басшысы Ди Джей Ко CES-2018 көрмесінде мәлімдеді. Mobile World Congress көрмесі дәстүрлі түрде Барселонада өтеді. Былтырғы жылы Mobile World Congress көрмесінде Galaxy S8 смартфоны ұсынылды.  Сонымен бірге, тағы бір жақсы жаңалық жаңа смартфон 1,5 сағатта толық қуат алатыны белгілі болды. Бұл туралы құрылғының арнайы сертификатталған құжатында көрсетілген.  Мамандардың пікірінше, Samsung Galaxy S9 и S9+ смартфондарының басты ерекшелігі камерасында болмақ. Кіші үлгіде негізгі модуль жалғыз, ал үлкен үлгіде екеу болады. Бірінші модуль кең бұрышты кадрларды жасай алса, ал екіншісі оптикалық масштабты пайдаланып, объектілерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, Tech Radar сарапшылары 2017 жылдың ең үздік смартфондар рейтингін шығарған еді. Тізімге 15 гаджет кірді. Олардың ішінде көшбасшылар Samsung Galaxy S8 смартфоны және Galaxy S8 Plus болды.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.