Олимпиадаға қатысатын қазақстандық биатлоншылар белгілі болды

0 1

 15 күннен кейін Пхенчханда (Оңтүстік Корея) ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары басталады. Төрткүл дүние асыға күтіп отырған төртжылдықтың басты жарысына Қазақстаннан 10 биатлоншы қатысады.

Бүгін ақ Олимпиадаға баратын ұлттық құраманың құрамы жарияланды. Ерлер арасында Максим Браун, Василий Подкорытов, Тимур Хамитгатин, Владислав Витенко мен Роман Еремин ел намысын қорғаса, қыздар арасында Галина Вишневская, Дарья Климина, Алина Райкова, Ольга Полторанина мен Елизавета Бельченко жарыс жолына шығады. 30 қаңтар күні Олимпиадаға баратын қазақстандық спортшылар Қазақстан биатлоншылар Одағының президенті Ермек Әнуарбекұлы Қизатовпен кездеседі. Бұл кездесуге Чехия мен Украина құрамаларының өкілдері де қатысады. Қазіргі таңда аталған екі елдің құрамасы Олимпиада алдындағы дайындықтарын Алматы облысындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде шыңдауда.
Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.