Бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері өзгерді

0 1

2018 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 36,8 миллиард теңге бөлінді.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 млрд. теңге қарастырылады және жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай  тағайындалады.

Министрліктің хабарлауынша, жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтіндерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.

Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыға2017 жылы республикалық бюджеттен 32,4 млрд. теңге бөлінген.

2017 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы 2018 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы
13 070 теңге – бірінші балаға 13 853 теңге – бірінші балаға
15 452 теңге – екінші балаға 16 379 теңге – екінші балаға
17 812 теңге – үшінші балаға 18 880 теңге – үшінші балаға
20 195 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) 21 405 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға)

2017 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақыны орташа есеппен 145,7 мың адам алған.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2017 жылы жұмыс істейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 14,1 млрд. теңге әлеуметтік төлемдер берді. Осы әлеуметтік төлемді алушылардың бір жылдағы орташа саны 230,9 мың адамды құрады. Бұл ретте, төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40 %-ын құрады.

Сондай-ақ, 2014 жылдың басынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста жүргенде, міндетті зейнетақы жарналары субсидияланады, бұл жинақталған зейнетақы қаражатының ұлғаюына ықпал етеді.

Осы аралықта (2014-2017 жылдары) республикалық бюджеттен зейнетақы жарналарын субсидиялауға жалпы 16,5 млрд. теңге жұмсалды.

Дереккөз: baribar.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.