Өткен жылды Жамбыл облысы оң нәтижелермен қорытындылады

0 0

2017 жылы Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы оң көрсеткіштерге ие болып, нәтижелі деп бағаланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова мәлімдеді.

Нақтырақ айтар болсақ,өнеркәсіп өндірісінің көлемі Тараз бен 7 ауданда 1,8 пайызға артқан. Ал «Орталық Азия Қант корпорациясы» ЖШС Меркі филиалында пештерді жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ауданда өндіріс көлемі төмендеген.

Ауылшаруашылығы саласында да алға ілгерілеушілік байқалып, жалпы өнім көлемінің өсімі 5,5 пайызды құраған. Бірқатар аудандарда ет, сүт, жүн, жұмыртқа өндіру көлемі ұлғайып, 2016 жылмен салыстырғанда масақты дәнді-дақылдар 34 мың тоннаға артық жиналған. Су және ылғал үнемдеу технологиялары 42 мың гектар жерге енгізілсе, үдемелі бақтардың көлемі 425 гектарға жеткен.

2017 жылы өңірде құрылыс қарқын алып, жалпы өсім көлемі 3,1 пайызды құрады. Аймақ тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша республикалық көрсеткіште 6-орынға тұрақтады.

Есепті кезеңде бюджеттің кіріс бөлігі 241 млрд теңгені құрап, 101,3 пайызға артығымен орындалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.