Таразда 3 адам газдан уланып қайтыс болды

0 0

Қайғылы оқиға облыс орталығындағы жеке үйлердің бірінде орын алған.Тұрғындар көгілдір отынмен жылытылатын монша пешіндегі ақаудан газ тарағанын байқамаған. Зардап шеккендер саны – 4 адам. Оның 3-і қайтыс болды. Қаза тапқан қариялардың жасы 84, 80 және 64те болған екен. Уланған 58 жастағы тұрғын ауруханада жатыр.  Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, биылғы жылыту маусымы басталғалы бері осы тектес 15 оқиға тіркеліпті. 6 адам ажал құшып, 14 адам құтқарылған.  Орын алған төтенше жағдайлардың бәрінің себептері біртектес: газ қондырғылары мен жылыту пештеріндегі түрлі ақаулар. Жауапты мамандар қыс ортасында осындай қайғылы жағдайға ұшырамас үшін мұқият болуды тағы да ескертеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.