Таразда канал тасып, үйлерді су басты

0 0

Таразда «Қапал» каналы тасып, үйлерді су басты. Бұл туралы Жамбыл облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі хабарлады.

Кеше хабарлағанымыздай, «Қапал» каналының тасуына онда жиналып қалған қоқыс пен төмен температурадан су бетінің қатып қалуы себеп болған. Нәтижесінде, ағынға кедергі келтіріліп, су арнадан асып жайылған.

Орын алған оқиға нәтижесінде Сеңкібай көшесі 2-ші бұрылысының бойында 8 және Қапал көшесі 6-шы бұрылысында 1 үйдің ауласын су басқан.

Су алған үйлердегі жағдайды қалыпқа келтіру мақсатында жергілікті басқару органдары, «ӨСжАҚЖҚ» мекемесі және Төтенше жағдайлар департаментінен бөлінген 40 адам және 3 техника күшімен каналдың арнасын мұз бен қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілген. Канал суының арнасынан асуын тоқтатқаннан кейін, жайылған су деңгейі төмендей бастаған. Департамент мамандары берген мәліметке сәйкес, бүгін таңертең су деңгейі 25 сантиметрге түскен.

Фото: emer.gov.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.