Ғалымдар телефонның қаупін жоққа шығарды

0 1

АҚШ-тың Ұлттық денсаулық институтының ауқымды зерттеулерінің нәтижесіне сәйкес, ұялы телефон адам денсаулығына еш зардабын тигізбейді. Бірақ радиация сәулесі тышқандардың ДНҚ-сына зиян келтіргені және ісік дамуының қаупі жоғарылағаны анықталса да, сарапшылар бұл сәуле адам денсаулығына соншалықты әсер етпейді дегенді айтты. Бұл туралы Science Alert сайты жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Сараптамада үш мыңға жуық тышқан пайдаланылды. Олар 2G және 3G ұялы телефондарынан шығатын радиациямен бірге арнайы камераға орналастырылды. Жануарлар күн сайын тоғыз сағат бойы қауіпті зонада болды. Мұнымен қоса радиацияның ең төмен деңгейі адамдар гаджетті қолданған кездегі нормадан жоғары болмады. Сонда кеміргіштердің ағзасында ісік қаупі жоғарылады. Бірақ зерттеушілер бұл радиация әсерінен болды ма, әлде басқадан ба екені белгісіз деп отыр.

Патология тек мида емес, басқа да органдарында пайда болыпты. Мамандар мұның радиация әсерінен екеніне күмән кетірді. Олардың айтуынша, радиациялық сәуленің үлкен мөлшері де тышқандардың денсаулығына айтарлықтай әсер етпеуі мүмкін. Зерттеушілер ұялы телефон адамдарға да зиян емес деген сенімде.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.