Алдағы үш тәулікте күн суытып, қар жауады

0 5

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның кей өңірінде 13-15 ақпан аралығында қар жауып, боран соғады. Оңтүстікте көктайғақ болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 «Алдағы үш тәулікте жоғарғы циклондар мен онымен байланысты болатын атмосфералық фронттар Қазақстан аумағын кесіп өтеді. Кей жерлерге қар жауады, жел 15-20 м/с күшейіп, республиканың солтүстік жартысының кей жерлерінде боран соғып, оңтүстік жартысында көктайғақ болады. 14-15 ақпанда оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарына қалың қар жауады», — деп жазылған хабарламада.

Дереккөз: Baq.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.