2021 жылдан бастап төлқұжат латын қарпімен берілмек 

0 1

2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарын латын қарпі негізінде мемлекеттік тілде беру көзделген. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожапағанов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Латын әліпбиіне кезеңдеп көшудің жоспары әзірленді. Бірінші кезең — 2018-2020 жылдары нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша дайындық жұмыстары мен іс-шаралар жүргізілетін болады. Латын графикасы негізінде жаңа қазақ әліпбиінде дұрыс жазу қағидалары, мәтінді латын әліпбиіне аударудың ІТ қосымшалары әзірленеді», — деді ол.

Ол екінші кезеңде ҚР азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәлігін латын графикасы негізінде мелмекеттік тілде беру көзделгенін атап өтті.

«2021-2023 жылдары латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарын беруді қамтамасыз ету көзделген. Филологтар мен ғалым-лингвистерді тарта отырып, орталықтардың оқытушылары мен ересек халықты үйрету үшін семинарлар мен лекциялар, курстар ұйымдастырылатын болады. Үшінші кезең — 2024-2025 жылдары мемлекеттік органдарының, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік БАҚ және баспалардың құжат айналымдарын латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жоспарланған. Министрлік жанында жұмысты үйлестіру мақсатында «Тіл — қазына» орталығы құрылып жатыр», — деді Ерлан Қожағапанов.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.