Ақылды қалаларды ақылды жастар құруы керек

0 10

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде жастар Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын талқылады. Шараның өтуіне «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының жастар қанаты ұйытқы болды.

Аталған жиынға облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

– Бұл бағдарламалық құжатта елімізді әлемнің жетекші елдерімен теңестіретін мақсаттар мен міндеттер көрсетілген. Бүкіл әлемде жүріп жатқан технологиялық революция ауқымды дүниелерді қамтиды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық салаларында жаңа технологияларды енгізу үшін барлық қазіргі заманғы үрдістерді ұстанудың маңыздылығына тоқталып, оның мақсаттарын айқындап берді. Мұндай жаңашылдықтардың жастар үшін де маңызы үлкен. Біздің біліміміз, атқарып жатқан жұмыстарымыз бен идеяларымыз еліміздің дамуына үлес қосуы тиіс. Яғни, осы Жолдау арқылы еліміздің ертеңі саналатын жастарға жаңа мүмкіндіктер пайда болды, – дейді «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек.

Кездесу барысында жастар ұйымдарының өкілдері мен студенттер Елбасы Жолдауында көзделген мақсат-міндеттер туралы ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ олардың көпшілігі құжаттың мазмұнынан хабардар болып, оның бөлімдерін егжей-тегжейлі талқылады. Бұдан өзге Президенттің «ақылды қалалар» идеясы бойынша қызықты әңгіме арқауына айналды.

– Еуропалық қалаларда мұндай «ақылды» жүйелер жұмыс істеп жатыр. Мұндай жүйе бүкіл қаланы «ақылды» етеді. Мысалы, сіздің машинаңызды жетінші қабатқа көтеретін бірегей автотұрақ, жер астындағы жасырын қоқыс контейнерлері, кептелістер арқылы бұзуға болатын өрт сөндіру машиналары. Біздің де осындай елде өмір сүргіміз келеді, – дейді студент Төлеген Сағадинов.

Уалихан Болатбектің айтуынша, біздің елімізде осындай технологияларды енгізу жүйелері басталып кеткен. Мысалы, Астана қаласында гаджеттер мен мобильді телефондарды қоғамдық орындардағы орындықтардан қуаттап алуға болады. Сондай-ақ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде біздің еліміз осындай технологиялық әзірлемелерді таныстырған.

– «Ақылды» қалалар біздің елімізде де көп ұзамай пайда болады. Дегенмен ол жүйе қазірдің өзінже жастармен бірге жасасып кетті. Бірақ Мемлекет басшысы жастардың білімді және ақылды жастарға, кемінде үш тілде сөйлейтін және өршіл мақсаттарға ие болу қажеттігін бірнеше рет айтқан болатын. Сондықтан, бүгінде білімді адамдар, біздің мемлекетіміздің патриоттары болу маңызды. Әрқайсысымыз жақсы мақсатқа жету үшін

Жолдаудың мақсат-міндеттерін жақындарымыз бен отбасыларымызға жеткізуіміз керек, – дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.