Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

0 4

15-20 ақпан аралығында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 250-ден аса жас атлеттер қатысады. Ерлер 8 салмақта (56, 62, 69, 77, 85, 94, 105, +105 келі), әйелдер 8 салмақта (48, 53, 58, 63, 69, 75, 90, +90 келі) жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, осы жарыстың қорытындысы бойынша маусым айында Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтетін Әлем чемпионатына өнер көрсететін құрама команда жасақталатын болады.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.