Жамбылда 7 кәсіпкерлік нысанды жабу туралы шешім шығарылды

0 3

Бұл туралы Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткізген баспасөз-конференциясында айтылды. Өткен жылғы өнім қауіпсіздігі аясында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген өнімдерді сату жағдайлары бойынша 50 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалған. Жалпы соммасы 3 млн. 600 мың теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Сауда орындарының басшыларына кемшіліктерді жою жөнінде 108 нұсқама берілген. Кәсіпкерлерінің көбі кемшіліктерді жойғанымен, 7 нысанда мұндай жұмыстар жүргізілмеген. Сондықтан, аталған сауда орындарының материалдары сотқа жолданып, жұмысын тоқтату туралы шешімдер шығарылды. Тәртіпке көнбеген кәсіпкерлердің тізімі төмендегідей: Тараз қаласында – «Тарго» супермаркеті мен «Куликовский» сауда үйі , Т.Рысқұлов ауданда – «Береке» дүкені, Байзақ ауданында — ЖК Ж.Есенкулованың дүкені, «Аққу» дүкені, Жамбыл ауданында – ЖК З.Асанбекованың дүкені мен ЖК Нускабекованың дүкені.

Leave A Reply

Your email address will not be published.