Астанада балалар үйі өртенді: бір адам уланды

0 12

Астана қаласындағы №1 балалар үйінің ғимаратында өрт болды. Бұл мәліметті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Астана қаласындағы балалар үйінде өрт болды. Өрт сөндірушілер жіберілді», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Екінші жедел жәрдем бригадасы дәрігерлерінің айтуынша, жарақаттанған бір адам бар.

«Бір адам зардап шекті. Оны бірінші қалалық ауруханаға апарамыз. Жағдайы тұрақты. Көміртегі тотығымен уланған», — деді жедел жәрдем дәрігері.

Кейінірек мәлім болғандай, өрт сағат 13.01-де сөндірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 35 шаршы метр жер өртенді. Өрт үшінші қабаттағы қоймада басталған. Мекеменің әкімшілігі өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сыртқа шығарылды.

Өртті Астана қаласының өрт сөндіру қызметінің 40 маманы 8 техникамен сөндірді.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.