Мәдениет және спорт министрлігінде жаңа тағайындаулар

0 1

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен Спорт және дене шынықтыру Комитетінің төрағасы болып Жарасбаев Серік Маратұлы тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарасбаев Серік Маратұлы 1984 жылы туған. 2006 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін дене шынықтыру мамандығы бойынша, ал 2009 жылы аталған университетті мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Ресей Халықаралық Олимпиада университетін спорттық әкімшілендіру мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің бокстан оқытушысы-жаттықтырушы, спорттан нұсқаушы-әдіскері болып бастады.

2007-2011 жылдар аралығында СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының оқу-спорттық әдістемелік бөлімінің бас маманы, оқу-спорттық әдістемелік бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2011-2012 жылдар аралығында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті Білім, инновациялық технологиялар және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының бас сарап

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.