Ақмола облысында 6 жасар баланы ит талап өлтіріп тастады

0 0

Ақмола облысында 6 жасар баланы өз иті талап өлтірді. Ит баланың отбасына тиесілі болып шықты.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 1-наурызда сағат 15:00 шамасында Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында болған.

Бала өз ауласында «кавказ» тұқымды итімен ойнап жүрген. Ол итке таланып алған дене жарақатынан көз жұмды.

Ит сол баланың үйінікі болған.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.