Головкин мемлекеттік туға қолтаңба қалдырудан бас тартты

0 0

WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) жанкүйерінің мемлекеттік туға қолтаңба қалдыру өтінішінен бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Kaztwitter Instagram парақшасында жарияланған видеода, Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихаты кезінде сахнаға беттеп бара жатқан GGG-ға жанкүйері қолтаңба қалдыруын өтінгенін көруге болады.

Қазақстандық боксшы қолтаңба қалдырудан бас тартып «Қыздар, туға болмайды, болмайды»,-деп түсіндірді. Алайда, жанкүйер онымен тоқтап қалмай «Гена, өтінемін» ,-деп айқайлады. Боксшы ары қарай қазақстандық жанкүйерлерінің сәлемін алып, қол алысып амандасты. Айта кетейік, Головкин мен Канело реваншы 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.