Тоқмәдидің қашуына мүмкіндік берген комитет қызметкерлері қалай жазалануы мүмкін

0 0

Мұратхан Тоқмәдидің қашып кетуіне мүмкіндік берген Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметкерлері қалай жазалануы мүмкін екенін Today.kz-ке Алматы адвокаттар алқасының адвокаты Ғалым Нұрпейісов айтып берді.

Заңгердің болжамы бойынша, қызметіне салғырт қараған қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

«Тоқмәдидің үстінен тағы бір 426 бабы (ҚР ҚК «Қамаудан, бас-бостандығынан айырылған жерден, қарауылдан қашып кету» бабы, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін) бойынша іс қозғалады. Оны қарауылдаған қызметкерлер қызметіне сақтық танытпағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл ҚР Қылмыстық кодексінің 317 бабы. Барлық жағдайды анықтау керек», – деді заңгер.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 317-бабының 2-бөлігінің «ұқыпсыз салдарларға әкеп соққан немқұрайлылық» нормаларының бұзылуы бес жылға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан шектеу, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Естеріңізге сала кетейік, 9 наурызда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Таразда қамаудан қашып кеткен, 2004 жылы банкир өліміне кінәлі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді құрықтаған еді. Ол Тараздағы облыстық ауруханадан қашып кеткен болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.