Тәртіп сақшылары «жындыны» таяқтың астына алды

0 1

Тәртіп сақшылары өз-өзін пышақтамақ болған «жындыны» таяқтың астына алды. Бұл жайында reactor.inform.kz жазды.

Әуелде ер азамат қолына қанжар алып жолдағы көліктерге ұмтыла бастаған. Мұнымен тоқтағысы келмеген ол тіпті көшедегі адамды кепілге алып, оны орып өлтірмек болған.

Артынша оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп, төбеге ескерту оғын атқан. Қанжарлы бұзықтың сесі сынған болуы керек ол кепілін жіберіп, өзін орып тастамақ болған.

Алайда оның бұл жоспары да жүзеге аспай қалды. Оны қапыда тұрғанда тәртіп сақшылары ұрып жығып, артынша сабап тастаған. Оқиға Ресейдің Ростов қаласында орын алған екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.