Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі ауысты

0 0

Өзбекстанның Қазақстандағы жаңа елшісі Саидикрам Ниязқожаев 10 наурыз күні Астанаға келді, деп хабарлады tengrinews.kz.

Бұл тағайындауға дейін Саидикрам Ниязқожаев (1965 жылы туған, Ташкент политехникалық институтының «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша түлегі) 2015 жылдан бастап сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

СІМ-ге дейін президент аппаратында, үкімет құрылымдарында жауапты қызметтерде болыпты, атап өтер болсақ, мемлекеттік кеңесшінің орынбасары және экономика министірінің орынбасары.

Бұған дейін Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Икром Назаров болған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.