Нью-Йоркте тікұшақ бұғазға құлады

0 3

Нью-Йоркте бортында бірнеше адам отырған тікұшақ құлады, — деп хабарлайды tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, тікұшақ жексенбі күні кешкі уақытта Ист-Ривер бұғазына құлаған.

Біріккен баспасөз конференциясы барысында полиция мен Нью-Йорктің өрт сөндіру қызметі үш адамның ауруханаға жеткізілгенін және олардың ауыр жағдайда жатқанын хабарлады. Ұшқыштың тікұшақтан өз бетінше шыға алмағаны және оның да қазіргі уақытта ауруханада екені айтылады. Сондай-ақ, төтенше жағдайдан екі адам қаза тапқан.

«Бұл фототүсірілім өткізу үшін ұйымдастырылған жеке рейс болған еді», — деді полиция комиссары Джеймс  О’Нил.

Кейінірек NBC New York телеарнасы, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген жолаушылардың көз жұмғанын хабарлады. Осылайша, төтенше жағдайдан қаза тапқандарың саны 5-ке жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.