Жүкті екенін босануына 15 минут қалғанда білген

0 0

Австралиялық Джейд Лоуренс өзінің аяғы ауыр екенін білгеннен кейін, 15 минут өткен соң босанып қойған, деп КТК.kz хабарлады.

27 жастағы Лоуренс өзінің жігіті Курт Стюартпен 5 наурыз күні жергілікті ауруханалардың біріне келеді.

Әйел ішінің қатты ауырып жатқанын айтып, оның ісініп кеткенін соқыр ішектен болуы мүмкін деп жорамалдайды.

Алайда дәрігерлер Лоуренстің аяғы ауыр екенін айтып, толғақтың әсерінен іші ауырып жатқанын түсіндіреді. 15 минут өткен соң ол Джакс есімді баланы дүниеге алып келген.

Австралияилық жұп ойда-жоқта ата-ана атанғандарына әлі де таңырқап отыр.

Лоуренстің айтуынша, ол жүкітіліктің ешқандай белгісін байқамаған. Осыдан екі ай бұрын жасаған тестілік сараптамалары да оны теріске шығарыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.