Бір жасқа дейінгі бала күтіміне қанша қаражат қажет?

0 1

Әр адам баланы ең алдымен өзі үшін дүниеге алып келеді. Оны тәрбиелеп, қатарға қосып, асырау әр ата-ананың басты борышы. Бірақ баспана болмаған жағдайда пәтерақы, азық-түлік, жол ақысына кететін шығындар біраз отбасын қыспаққа алып, бала күтіміне жеткізе алмай отырғандығы да жасырын емес. Ендеше мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы бала күтіміне жеткілікті ме? Есептеп көрейік.

Бала күтіміне берілетін жәрдемақы

2017 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы 2018 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы
13 070 теңге – бірінші балаға 13 853 теңге – бірінші балаға
15 452 теңге – екінші балаға 16 379 теңге – екінші балаға
17 812 теңге – үшінші балаға 18 880 теңге – үшінші балаға
20 195 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) 21 405 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға)

Егер егіз бала дүниеге келсе, олардың әр қайсысына жеке-жеке жәрдемақы қарасытырылған.

Ал мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға тағайындалған жәрдемақы мөлшері 25682 теңге. Бұл қаржы отбасының кірісіне байланысты емес. Бұл ретте балалардың мүгедектік тобына қатысты да берілетін жәрдемақы мөлшері әртүрлі болатынын ескеру керек.

Дүниеге келген балаға кететін шығынды орташа есеппен есептеп көрейік:

Девальвация, экономикадағы тұрақсыздық, мұнай бағасы, т.б қымбатшылыққа әкеп соғатыны белгілі. Ал қымбатшылық жайлаған уақытта балаға қажеттінің барлығын сатып алу қалтаға ауырлық ететіндігі шындық

 Балаларға арналған киімдер өлшемі кішкентай болса да, құны қомақты.

Атауы Бағасы
Жөргек (подгузники) 3000-10000 тг арасында (түрі мен санына қарай). Мысалы: Pampers, Moony, Huggies.
Жасанды сүт (ана сүті аздық етсе қосымша берілетін тамақ) 1500-15000 тг (құрамы мен түріне байланысты). Мысалы: НАН, Малютка, Нутрилон.
Жеміс-жидектер (банан, алма, т.б) 1 кг – 600 тг
Езбе (пюре) 200-2000 тг (құрамы мен түріне, мөлшеріне байланысты). Мысалы: агуша, гербер, фрутоняня т,б.
Ойыншықтар 1000-100000 тг (лицензиясы бар, денсаулығына еш зиянын тигізбейді деген сапалы ойыншықтардың құны тіптен жоғары).
Киім-кешек 1000 теңгеден бастап (балаңызды бастан аяқ киіндіру үшін қалтаңызда кемінде 50 мың теңгеңіз болу керек). Мысалы: бір бас киімі 1000 тг тұрады.
Дәрі-дәрмек 1000-20000 тг (ауру түріне байланысты одан да жоғары).

Медициналық тексеру – тіркеуі барлар тұрғылықты жері бойынша жергілікті емханада ақысыз тексеріледі. Ауруханаға жату қажет болғанда жолдамаңыз болса, ауруханаға жатып емделу тегін.

Басқа да шығындарды есептемегенде жөргек пен қосымша тамаққа орта есеппен 20 000 теңге кетеді. Ал мемлекеттен бір балаға берілетін 13 мың теңге тек жөргекке жетеді екен.

Бала өседі. Онымен қоса оған кететін шығын да артады. Әрбір ата-ана бауыр еті баласына ең жақсысын ұсынуға тырысады. Балаңызға қарапайым көлікті алып бересіз бе, әлде пультпен басқарылатын ба оны қалтаңызға қарап шешесіз.

Біз қарастырған шығын 1 жасқа дейінгі бала күтіміне кететін қаражат. Тізімді: балабақшаға беру ақысы, мектепке барғанда керек құрал-жабдықтар т.б деп тізбектей берсең көп. Сапалы ойыншық, қымбат киім, саябаққа апару секілді қыдыртуы тағы бар. Әрине, бұл уақытқа дейін балаға берілетін жәрдемақы да тоқтайды. Айтпақша, мұның барлығы тек бір балаға ғана кететін шығын.

Дереккөз: baribar.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.