Баян «Кешьюдің» өткен өмірін киноға айналдырмақ

0
28

Жаңашылдыққа жаны құмар Баян Мақсатқызы, жуырда тағы бір жобаны қолға алмақ ниетте. Продюсердің кезекті картинасы өзі жетекшілік ететін «Кешью» тобы туралы болмақ, деп НТК арнасы хабарлады.

Баян Алагөзова, продюсер:

– Әрине, қазіргі құрамдағы қыздар да, бұрын «Кешьюде» өнер көрсеткен әншілердің барлығы да болады. Бірақ, олармен әлі келіскен жоқпын. Кім біледі? Бас тартуы да мүмкін ғой.

Баян «Кешьюдің» тарихын суреттейтін туынды, мюзикл жанрында болады деп жоспарлап отыр. Мөлдір Әуелбекова үшін бұл гелбзендтің орны ерек. Егер Алагөзованың тарапынан ұсыныс түссе, жаңа жобада бой көрсетуі бек мүмкін.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

– Сол мезетте мүмкін шешерміз… Өйткені бұл жоба мен үшін өте маңызды жобалардың бірі. Сол себепті мен қатты қуаныштымын.

Алагөзованың айтуынша, «Кешьюдің» байопигі шынайы өмірдегі оқиғалардан құралады. Қыздардың топтағы өзара қарым-қатынасы мен сахна сыртындағы тыныс-тіршілігі кинотуындының тұздығы болмақ.

«Кешьюдің» өмірбаяны негізі қызық болған ғой. 12 жылда не болмаған мысалы. Сахнаның ар жағында болатын дайындық, қобалжу, сахнаның сыртындағы өмір өзгеше, қызығырақ…

Продюсер бүгінде аталмыш картинаға режиссер таңдап, сценарийді пысықтау үстінде екен. Түсірілім жұмыстары биыл басталмақ.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here